АРЫС ҚАЛАСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН НАСИХАТТАУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Бүгін Арыс қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйекте жариялаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын насихаттау мақсатында кең ауқымды кездесу өтті.
Іс-шараны «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков ашып, жүргізіп отырды. Кездесу барысында қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі идеялар мен басымдықтарды талқылап, өз пікірлерін ортаға салды.
Жиынға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық мәслихат депутаты Ержан Қосмамбетов, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының доценті, PhD доктор Ермек Бекбосынов, сондай-ақ Арыс қалалық мәслихат депутаттары, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Алғашқы сөзді Ермек Бекбосынов алып, Жолдаудың маңыздылығы мен оның қоғам өміріне әсері туралы жан-жақты баяндады. Одан кейін Арыс қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдісаттар Жүніс және Арыс қалалық татар-башқұрт этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Расиль Байков ойларын білдіріп, өз ұсыныстарын жеткізді.
Кездесу соңында Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов сөз сөйлеп, Президент Жолдауының еліміздің даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат екендігін атап өтті. Ол Жолдаудағы әрбір тапсырманың ел болашағы үшін маңызды екенін айтып, азаматтарды оны жүзеге асыруға белсенді атсалысуға шақырды.
Жиын қорытындысында қатысушылар Жолдауда көтерілген бастамалардың өзектілігін атап өтіп, оны іске асыруда бірлесе еңбек етуге дайын екендіктерін білдірді.
 
Возможно, это изображение 2 человека, отдел новостей и текст
 
Возможно, это изображение 12 человек
 
Возможно, это изображение 1 человек, отдел новостей и текст
 
Возможно, это изображение 3 человекаВозможно, это изображение 3 человекаВозможно, это изображение 3 человекаВозможно, это изображение 3 человекаВозможно, это изображение 3 человекаВозможно, это изображение 3 человекаВозможно, это изображение 3 человека

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1082346?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді