
2025 жылдың 29 қыркүйек – 3 қазан аралығында азаматтарды жеке өтініштерімен қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары И.Басықараев, Б.Еркебаев. Р.Ізтілеуов, Ж.Жарасбаев, Е.Нұртазаев және Ғ.Байсеитов қабылдаулар өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан коммуналдық салаға қатысты және тағы басқа да мәселелер көтерілді.
– М.Базарбаев көшесін кешкі жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолын салу;
– « Эдельвейс» және «Орбита» саяжайларын газдандыру;
– «Саяхат» тұрғын ауданы, Саяхат-23 көшесін, Саяхат-10 көшесінен Т.Бұлғақұлы көшесіне дейін асфальттау;
– «Сырдария» тұрғын ауданы Байқоңыр көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу;
– «Малика» және «Байтерек» тұрғын үйлер кешені аумағындағы қоқыс жәшіктер сандарын көбейту, күнделікті кестеге сәйкес алынуы және қаңғыбас иттерді аулау;
– Шалқыма көшесінің 8 наурыз көшесінен Б.Майлин көшесіне дейінгі аралығын асфальттау.
Тұрғындардың өтініштері тыңдалып, коммуналдық салаға қатысты мәселелер бойынша құзырлы органдарға депутаттық сауалдар жолданатынын, мәселелердің шешілуіне жұмыс жасайтындығын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1080553?lang=kk

Жауап қалдыру