
КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖАҢА СЕРУЕНДЕУ АЛАҢЫ САЛЫНУДА
Келес ауданының орталығы – Абай ауылында тұрғындар мен қонақтарға жайлы орта қалыптастыру мақсатында жаңа серуендеу алаңының құрылысы жүргізілуде. Жаңа демалыс орны Араншы каналаның бойынан бой көтеруде.
Қазіргі таңда 450 метр аумақтың екі қапталы абаттандырылып, жаяу жүргіншілерге арналған жол, жарықтандыру желілері қарастырылған. Құрылыс барысын аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев барып көріп, мердігер мекемеге нақты тапсырмалар жүктеді.
— Бұл жер аудан тұрғындары үшін демалыстың, серуендеудің сүйікті орнына айналуы тиіс. Сондықтан жұмыстар сапалы әрі уақытында орындалуы қажет. Қазан айының соңына дейін серуендеу алаңы халық игілігіне берілуі тиіс, — деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, Жәнібек Ағыбаев Абай ауылындағы Мүсір Артықов көшесінің бойындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты. Орталық автобекет маңындағы республикалық А-15 трассасының бойындағы қауіпсіздік қорғауларын ретке келтіру, талаптарға сәйкестендіру қажеттігін айтты.
Жаңа серуендеу алаңы – аудан орталығына сән беріп қана қоймай, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне қолайлы жағдай туғызатын заманауи демалыс орны болмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1076736?lang=kk

Жауап қалдыру