Мазмұнға бай жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мазмұнға бай жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының 60 жылдық мерейтойына орай «Үшарал жауынгерлік жасағына алпыс жыл» атты тарихи кітаптың тұсаукесері өтті.

Кітап таныстырылымына ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің бастығы, полковник Марат Нарбаев қатысып, еңбектің тарихи және тәрбиелік мәнін атап өтті. Үш тілде жарық көрген бұл туындының авторлары – подполковник М. Қарекенов пен ефрейтор К. Елеубаева.

Еңбекте Үшарал шекара жасағының қалыптасу тарихы, ардагерлердің естеліктері және шекарашылардың ерлігі жан-жақты қамтылған. Кітап жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге, ел қорғаушылардың еңбегін дәріптеуге арналған құнды дереккөз болып табылады.

Бұл тарихи еңбек – шекара қызметінің тарихына қызығушылық танытатын оқырмандар мен мамандар үшін маңызды жәдігер

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1076739?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді