19 қыркүйек күні мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиенің әдістемелік отырысы өтті.
Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдар мен мекемелерде оқу-тәрбие жұмыстарын жандандыру;
МДТ педагогтеріне жан- жақты қолдау көрсету, кеңес беру;
Әдістемелік отырыста бөлім әдіскері Рахимбаева Куралай Кужахановна педагогтерге жаңа оқу жылындағы өзгерістер мен жаңалықтар жайлы айтып өтті.
Өткен оқу жылында жіберілген қателіктер мен жетістіктерге МДТ әдіскерлеріне жеке-жеке тоқталды.
Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер айтылды.
2025-2026 жаңа оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық “Асыл” бөбекжайының әдіскері С.Абилмажина
Консультациялық пункт ,мобилді топтың жұмыстары К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің шағын орталық әдіскері А.Асылбекова
Бастапқы мониторингті жасау кезінде жіберілген қателіктер. М. Ауезов атындағы Көкжыра орта мектебінің шағын орталық әдіскері Г. Байбусинова.
Индиго электронды порталын пайдалану кезіндегі қателіктер. “Ақбота” жеке меншік балабақшасының әдіскері А.Ахатова.
Күн тәртібінде мәселелер бойынша мтбильді топтың мүшелері мен қауымдастықтың мүшелері қатысып отырған әдіскерлерге, тәрбиешілерге түсіндірме жұмыстары мен әдістемелік көмектер, түзету жұмыстарын айтып, түсіндірді.
Отырыс соңында бөлім әдіскері Қ.Рахимбаева күн тәртіндегі мәселелер бойынша, өткен оқу жылында жіберілген қателіктер бойынша қорытынды жасады.
Алдағы уақытта өтетін шаралар, оның ішінде байқаулар,, сайыстар, пед оқулар жайлы тоқталып, қатыспай жүрген педагогтерді қатыстыру керектігін қатаң ескертті.
Бөлім әдіскері Қ.Рахимбаева Мобильді топтың жұмыстарын, консультациялық пунктердің жұмыстарын, әрбір мектепке дейінгі ұйымдарда ойын алаңдарының талапқа сай болуын, Дамытушы ортаны жандандыру, тәрбиешілерге қолдау көрсету т.б мәселелер туралы қорытынды жасады.
“Адал- азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы . “Балдырған” бөбекжайының әдіскері А.Ахметова
Жауап қалдыру