
Іс-шараның мақсаты – ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында құқықтық және цифрлық сауаттылықты арттыру.
Кездесу аясында қатысушыларға:
– дербес деректерді қорғау тәсілдері туралы;
– мобильді құрылғыларды және тегін Wi-Fi кіру нүктелерін пайдалану кезіндегі сақтық шаралары туралы;
– әлеуметтік желілердегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы;
– жеке аккаунттарды бұзудан қорғау туралы;
– күрделі құпия сөздерді және екі факторлы аутентификацияны қолданудың маңыздылығы туралы айтылды.
Мұндай іс-шаралар цифрлық ортада жауапты және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалану кезінде ықтимал қауіптер туралы хабардар болу деңгейін арттырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1074824?lang=kk

Жауап қалдыру