
Құрметті салық төлеушілер!
Камералдық бақылау бөлігінде бизнес-процесстерді оңтайландыруға байланысты 2025 жылдың 1 қазанынан бастап аудандық деңгейдегі салық төлеушілерге жіберілетін хабарламалардың бір бөлігін пысықтау Департамент деңгейінде жүзеге асырылады.
Салық төлеушілер үшін өзара іс-қимыл тәртібі өзгеріссіз қалатынына назар аударамыз:
– хабарламалар бойынша салықтық есептілік және түсініктемелер электронды түрде ұсынылады;
– жауапты қағаз жеткізгіште беру қажет болған жағдайда құжаттарды Мемлекеттік кірістер басқармасының кеңсесі арқылы беруге болады.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша сіздер 8 (7182) 32-16-85 телефон нөмірі бойынша хабарласа аласыздар.
Түсіністік білдіргендеріңіз үшін рахмет!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1082809?lang=kk

Жауап қалдыру