
Құрметті қарттар қауымы!
Сіздерді 1 қазан – Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн – өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесі мол, ұрпағына үлгі-өнеге болған аяулы жандарға деген құрмет пен ілтипаттың мерекесі.
Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен тәлімді тәрбиелеріңіз – бүгінгі жас ұрпақ үшін баға жетпес қазына. Әр күніңіз шаттыққа толы болып, денсаулықтарыңыз мықты, жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден шаттық кетпесін!
Ұзақ ғұмыр, амандық пен бақ-береке тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/goszakup-priozersk/press/news/details/1078457?lang=kk

Жауап қалдыру