
«Таза Қазақстан» экологиялықжобасыҚызылорда облысының жастары арасында ерекше маңызға ие болуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында«Су мәселесін шешу – әлеуметтік тұрақтылықты сақтап, экономиканы дамытудың кепілі. Бұл – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басты фактордың бірі», – деп атап өткен болатын.
Осыған орай, 2025 жылғы 8 қазандастуденттерменэкологиялық мәдениетті арттыру, су қорларын тиімді пайдалану және қорғау бағытындағы білімін кеңейту мақсатында «Су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің оқу базасында ұйымдастырылған кездесуге колледждің «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер қатысты.
Шараның басты мақсаты – болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, суды ұтымды пайдалану мен қорғау бойынша жауапкершілікке тәрбиелеу, сондай-ақ практикалық білім мен өндірістік тәжірибені ұштастыруға ықпал ету.
Маңызды кездесуге спикерлер ретінде «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының және «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда облыстық филиалыныңөкілдері қатысып, су саласындағы өзекті мәселелер мен заманауи шешімдер жөнінде баяндамалар жасады.
Кездесу барысында сала мамандары өңірдегі су ресурстарын басқару тәжірибесімен бөлісіп, студенттерменпікір алмасты.
Бүгінгі күнге тазалық шараларына барлығы 271 мыңнан аса еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты. Нәтижесімен 11 мың тонна астам қоқыс қалдықтары шығарылып, елді мекендердегі 510 скверлер мен парктер, 256 тарихи-мәдени ескерткіштер,
1019 әлеуметтік нысандар, 3 083 өнеркәсіп және бизнес нысандары, 332 су объектілері мен 29 124 көшелердің бойы тазартылды. Оған 540-тан аса техника жұмылдырылды.
Жыл басынан облыс бойынша 240 700 дана өңірдің климатына сәйкес жерсінетін көшеттер егілді.
#ТазаҚазақстан
#тұрақтыдаму
#экология
#TazaChallenge

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-sayasat/press/news/details/1082806?lang=kk

Жауап қалдыру