
Ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің мәліметіне сүйенсек, биыл аудан аумағында 3 800 гектар жерге қант қызылшасы егілген. Қазіргі уақытта шаруалар өнімді қазып алып, егіс алқабынан шығарып, тасымалдауға әзірлеу үстінде.
«Ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап «Ақсу» қант зауыты тәтті түбірді қабылдауды бастамақ. Бұл – диқандардың маңдай тері ақталып, еңбектің нәтижесі көрінетін маңызды кезең. Биылғы науқанда өңірде 22 комбайн және 18 қызылша жапырағын жинайтын техника жұмыс атқармақ», – деді аудан әкімінің міндетін атқарушы Асқат Қалиасқаров.
Айта кету керек, биыл аудан диқандары жыл басынан жалпы құны 1 млрд 267 млн теңгеге 66 жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алып, еңбек өнімділігін арттыруға аса жауапкершілікпен көңіл бөлуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan/press/news/details/1077110?lang=kk

Жауап қалдыру