Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік және инфрақұрылымдық сипаттағы мәселелерін көтеріп, нақты ұсыныстарын жеткізді.
Қаралған алғашқы мәселе тұрақты жұмыспен қамтуға қатысты болды. Жауапты сала өкілдері қазіргі таңда аудандағы мекемелерде бос жұмыс орындарының жоқ екенін атап өтті. Дегенмен, алдағы уақытта бос орындар ашылған жағдайда өтініш иесіне тиісті қолдау көрсетіліп, жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұсынылатыны хабарланды.
Келесі мәселе Түркістан–Шорнақ бағытында жолаушылар көлігін жүргізу қажеттігіне байланысты болды. Бұл мәселе бойынша аудан әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап аталған бағытта күн сайын алты рейс ұйымдастырылатынын жеткізді. Сондай-ақ, жүру кестесі тұрғындардың сұранысына сәйкес реттелетіні атап өтілді.
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров әрбір көтерілген мәселенің шешілу барысын жеке бақылауында ұстайтынын айтып, тұрғындардың өтініш-тілектері ескерілетінін жеткізді. Аудан халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатынын атап өтті.
Жауап қалдыру