
АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ – 2025
2025 жылғы 13 қазанда Департамент басшысы М. Ә. Исмаилов Іле ауданындағы кондитерлік фабрика үшін санитарлық-қорғау аймағын белгілеу бойынша кеңес алуға қатысты “Куликовский Казахстан” компаниясы мен жобалау ұйымы өкілдерінің жеке қабылдауын өткізді. Қабылдау кезінде тамақ өнеркәсібі объектілері үшін алдын ала (есептік) және түпкілікті санитарлық-қорғау аймағын белгілеуге қойылатын тәртіп пен санитариялық-эпидемиологиялық талаптар түсіндірілді, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty-obl/press/news/details/1087220?lang=kk

Жауап қалдыру