Бүгін Бородулиха аудандық мәслихатының төрайымы Урашева Сәуле Тұрсынқызы педагогтардың «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» атты дәстүрлі тамыз конференциясына қатысты.
Конференция жұмысының алдында шақырылғандар Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған оқушылардың шығармашылық жобаларының ұйымдастырылған көрмесімен, сондай-ақ облыстық және республикалық деңгейлерде жүлделі орындарға ие болған оқушылардың суреттерімен, бұйымдарымен және ғылыми жұмыстарымен танысты.
Конференцияда өткен оқу жылының қорытындысы шығарылып, жетістіктер айқындалып, ерекше назар аударуды талап ететін негізгі проблемалар анықталды.
Бородулиха ауданының әкімі Айдар Маратұлы Ибраев, білім беру ұйымдарының басшылары және баяндамашылар сөз сөйледі.
Жаңа оқу жылында аудандағы 23 мектеп «Starlink» технологиясы бойынша интернетке қосылып, 6 мектептегі жылыту жүйелері мен қазандықтар жаңғыртылды, барлық мекемелер бейнебақылаумен және дабыл түймелерімен қамтамасыз етілді.
Конференция Жұмысшы кәсіптер жылы аясында үздік педагогтар мен техникалық қызметкерлерді марапаттаумен аяқталды, одан кейін мектеп оқушыларының, шығармашылық ұжымдар мен аудандық Мәдениет үйі әртістерінің қатысуымен концерт өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/borodulihamaslikhat/press/news/details/1086727?lang=kk

Жауап қалдыру