Еліміздегі алпауыт мұнай-газ компаниялары Маңғыстаудың өндіріс әлеуетімен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Еліміздегі алпауыт мұнай-газ компаниялары Маңғыстаудың өндіріс әлеуетімен танысты

9-қазан күні Ақтауда «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында мұнай-газ саласының жетекші компаниялары мен мемлекеттік құрылымдарға арналған ашық есік күні өтті. Іс-шара аясында қатысушылар өңір кәсіпорындарының өндірістік әлеуетімен танысып, отандық өнімдерді ірі мұнай-газ жобаларына енгізу мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Ашық есік күнінің басты мақсаты – жергілікті кәсіпорындардың өнімдерін мұнай-газ жобаларына жеткізу тізіміне енгізіп, олардың экспорттық әлеуетін арттыру. Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Т.Жеткізгенұлы, Ақтау қаласының әкімі Ә.Байпақов, ҚР Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өкілдері, ТШО, КПО, NCOC, ККО, Silleno компанияларының басшылары мен сала мамандары қатысты. Аталған іс-шара облыстық әкімдік пен ҚР Энергетика министрлігі, «IMB орталығының» ұйымдастыруымен өтті. Делегация мүшелері алдымен елімізде баламасы жоқ «BASECHEM» зауытына барды. Мұнда мұнай, ауыл шаруашылығы және су тазарту салаларына арналған түрлі химиялық қоспалар өндіріледі. Кәсіпорын өнімдері бүгінде ТШО, «Қазақмыс» және «Алтын Алмас» сияқты ірі өндіріс орындарында кеңінен қолданылады. Сондай ақ, делегация өкілдері «Qarmet Tubular Products Aktau» және «Kazakhstan Pipe Threaders» зауыттарының өндірістік процесімен де танысты. «Qarmet Tubular Products Aktau» кәсіпорны – еліміздегі ірі диаметрлі болат спиральдәнекерлі құбыр өндіретін жалғыз зауыт. Оның өнімдері жылу жүйелері мен мұнай-газ тасымалдау желілерінде кеңінен қолданылады. Ал италиялық «Tenaris» компаниясы 2016 жылдан бері газогерметикалық бұрандалы құбырлар шығарып, биыл Өзбекстан нарығына экспортты бастаған. Алпауыт компания өкілдері өндіріс сапасына жоғары баға беріп, отандық өнімдерді мұнай-газ жобаларына енгізу жөнінде нақты қызығушылық танытты. Айта кетейік, делегация өкілдері 10 қазан күні Достық үйінде өтетін мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған форумға қатысады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/1084220?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді