Инклюзивті білім беру жөнінде «World Inclusion Congress – WIC 2025» Бірінші Дүниежүзілік конгресс

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 15-17 қазан күндері Алматы қаласында Инклюзивті білім беру жөнінде «World Inclusion Congress – WIC 2025» Бірінші Дүниежүзілік конгресс өтуде.

Конгреске 40 елден 1200-ден астам делегат олар-министрлер, сарапшылар, халықаралық ұйымдар мен жетекші университеттердің зерттеу орталықтарының және Ed Tech компаниялардың өкілдері келген.

Айтулы шараға Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы- Окасов Куат Барысұлы, сондай ақ білім басқармасының, облыстық әдістемелік орталықтың, университеттің өкілдері мен жалпы, арнайы білім беру ұйымдарының, ҮЕҰ басшылары және ата-аналар қатысуда.

Шара еліміздің барлық өңірлерінен келген 3500-ден астам мамандардың басын біріктірді.

Конгресстің бірінші күнінде іс жүзіндегі тәжірибелерге, жасанды интеллект пен жаңа технологияларды енгізуге тоқталып, «Инклюзивті білім берудегі жаһандық үрдістер: сын-қатерлер мен шешімдер» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, дөңгелек үстел аясында қабылданатын Алматы декларациясының жобасы талқыланды.

Конгресстің бірінші күні ИНКЛЮЗИЯ – тек бағыт емес, бүкіл әлемнің жүректерін, идеялары мен күш-жігерін біріктіретін қозғалыс екенін көрсетті!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1086803?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді