Qazaq Air Астанадан Қырғызстан мен Өзбекстанға ұша бастайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Qazaq Air (Vietjet Qazaqstan) әуе компаниясы Астанадан Бішкек пен Самарқандтқа тікелей екі жаңа халықаралық бағыт ашуда.  Орталық Азиядағы бағыттарын кеңейту бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың түркі елдері арасындағы байланыстарды дамыту арқылы туризмді, сауданы, білім беру мен мәдени ынтымақтастықты күшейту жөніндегі стратегиялық бастамасымен үндес келеді. 

2025 жылғы 7 қарашадан бастап Астана – Самарқанд – Астана бағыты бойынша(аптасына 2 рет – жұма және жексенбі), ал 10 қарашадан бастап Астана – Бішкек – Астана (аптасына 2 рет – дүйсенбі және бейсенбі) бағыты бойынша тікелей рейстерді орындалады. 

Астанадағы хаб арқылы әуе компаниясы жолаушыларға Бішкекке, Самарқандқа, Омбы мен Новосібірге, сондай-ақ Қазақстанның түрлі өңірлеріне ыңғайлы түйісу рейстерін ұсынады. 

Жаңа әуе бағыттар аймақтың іскерлік, туристік және мәдени байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін болады.  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1086648?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді