Қазақстанда «Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау, патриоттық рухты нығайту және ұлттық құндылықтарға құрметті арттыру мақсатында «Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауы жарияланды. Конкурс мобилография, шығармашылық жұмыстар және ғимараттар мен аулаларды безендіру бағыттары бойынша ұйымдастырылды.

Байқаудың жалпы жүлде қоры – 4 500 000 теңге. Өтінімдер 2025 жылғы 6 қазаннан 22 қазанға дейін қабылданады. Қорытынды іс-шара Астана қаласында 25 қазан – Республика күні өтеді. Байқау ережесі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында жарияланған.

Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 74 05 51 телефонына хабарласуға немесе өтінімдерді bolashakkazakhstan2025@mail.com электронды поштасына жолдауға болады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/1086737?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді