
Балкашино ауылындағы «Болашақ» спорттық-сауықтыру кешенінің базасында қол күресінен Ақмола облысының чемпионаты өтті. Жарысқа 4 команда қатысып, жалпы қатысушылар саны 80 адамды құрады.
Жалпыкомандалық есеп бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1-орын Көкшетау қаласының командасы
2-орын Степногорск қаласының командасы
3-орын Зеренді ауданының командасы
Чемпионатта №1 жалпы білім беретін мектептің оқушылары ерекше көзге түсті:
- Копытин Дмитрий, 3-сынып оқушысы — 36 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 3-орын
- Назаров Данил, 10«Б» сынып оқушысы — 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 2-орын
- Иванов Антон, 11«А» сынып оқушысы — 80 кг жоғары салмақ дәрежесінде 2-орын
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен биік белестер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1085438?lang=kk

Жауап қалдыру