Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
⚡️СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде басшының орынбасары Т.Л. Горлованың төрағалығымен семинарлар өтті.
Семинар тақырыптары:
«Кеден одағының техникалық регламенті КО ТР 022/2011 “Тамақ өнімдерінің таңбалануына қойылатын талаптардың сақталуы» және «2025 жылдың 9 айындағы бақылау мақсатында сатып алудың нәтижелері».
✨Семинарға СҚО кәсіпкерлік субъектілері, «Атамекен» ҰКП өкілдері және аумақтық басқармалардың мамандары қатысты.
⚡️Департамент басшысының орынбасары
Т.Л. Горлова тамақ өнімдерін таңбалау мәселелері мен 2025 жылдың соңына дейін орындалуы тиіс бақылау мақсатында сатып алуға қатысты негізгі міндеттер туралы айтты.
✨Техникалық регламенттердің талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы Г.Б. Умарова КО ТР 022/2011 талаптарына сәйкес тамақ өнімдерін таңбалау ережелері және 2025 жылдың 9 айындағы бақылау мақсатында сатып алынғандардың нәтижелері туралы баяндама жасады.
✨Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/1086984?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді