Төлеби аудандық Мәдениет үйінде Индонезияның Джакарта қаласында өткен самбодан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды марапаттау рәсімі өтті. Дүбірлі додада төлебилік Сейдуалиев Руслан мен Ұзақбаева Ақжібек күміс жүлдегер атанып, Қазақстанның атын әлемге танытты.
Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Бағдат Жанғазиев спортшылар мен бапкерлерге Алғыс хат табыс етіп, иықтарына шапан жапты.
Бағдатбек Пердебайұлы жас чемпиондарды құттықтап, олардың жеңісі аудан абыройын асқақтатқанын атап өтті. Ол жас спортшыларға жаңа белестер мен биік жетістіктер тіледі.
Аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров ел абыройын асқақтатып, мерейін тасытқан спортшыларды Алғыс хатпен марапаттап, қаржылай қолдау көрсетті.
Жас спортшылардың жеңісі – Төлеби ауданының спорт саласындағы үлкен жетістік. Олардың табандылығы мен жеңіске деген жігері жас ұрпаққа үлгі болып, жаңа жеңістерге жетелейді.
Жауап қалдыру