Сауран ауданында жастардың шығармашылығын қолдау, тапқырлығын шыңдау және мәдени белсенділігін арттыру мақсатында аумақтық жайдарман ойыны өтті. Іс-шараны Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырды. Бұл жолы жарыс Жүйнек ауылдық округінде өтіп, оған Жүйнек және Қарашық ауылдық округтерінің жастары қатысты.
Шараның ашылу салтанатында Сауран ауданы әкімінің кеңесшісі Мұхамеджан Жұмадуллаев, аудандық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Абдуллаев сөз сөйлеп, жастарға шығармашылық табыс тілеп, олардың бастамаларына қолдау білдірді.
Бұл жолғы ойында Қарашық ауылының «Jaydarlife», Құмтүйін ауылының «Qum Style», Жүйнек ауылдық округіндегі М. Мәметова ЖББМ-нің «Сосын айтамыз», Шекербұлақ ауылының «Өнерлі жастар», «Jalil Abdullaev Ziatkerlik Mektebi»-нің «JAZM», Қарашық ауылдық округіндегі «Qarashyq-M» және Ахмет Югнеки ЖББМ-нің «Жүйнек жастары» командалары өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынып, тапқырлығы мен шығармашылығын ортаға салды.
Әділқазылар алқасы ойынға қатысқан командалардың тапқырлығы мен сахналық шеберлігін әділ бағалап, үздік шыққан ұжымдарға аудандық кезеңге жолдама берді.
Жауап қалдыру