60 секундтық қауіпсіздік: үйде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары сіздің үйде өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етілген бе?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 ТЖМ үйіңізде өрттің шығуына жол бермеу үшін мынадай қарапайым өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды ұсынады:

– өрт шыққан жағдайға жазбаша түрде эвакуациялау жоспарын құрып, оны барлық отбасы мүшелерімен талқылаңыз;

– кілттің құлыптаулы күйде есікте қалмай, өрт шыққан кезде эвакуациялау жағдайына үнемі қолыңызда болуы тиіс;

– дайындалып жатқан тамақ пен ашық отты, жанып тұрған майшамды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз;

– төсекте ешқашан темекі шекпеңіз және спирт ішімдіктерін ішку кезінде темекі шегетін болсаңыз, мұқият болу керек;

– электр розеткаларына артық жүктеме келтірмеңіз, сондай-ақ өзіңіз пайдаланбайтын электр құралдарын өшіріп қойыңыз;

– сіріңкелер мен тұтандырғыштарды әрқашан балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз және оларға әрдайым мұның ойыншық емес екенін әрі оны тек ересектердің ғана қолдануына болатынын айту қажет;

– егер сіздің гаражыңыз не қораңыз болса, онда химикаттар мен отынды сақтау кезінде саақтық шараларын сақтауды ұмытпаңыздар;

– егер сіз орман не дала өртінің шығу қаупі бар елді мекенде тұратын болсаңыз, онда үйдің маңын жапырақ пен өзге де қоқыстан таза ұстаңыз.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі пайдалы кеңестер

– өрттен болған түтінде бағдар алу қиын екенін әрі көру мүмкіндігі нашарлайтынын есте сақтаңыз;

– ұйқы кезінде сіз түтін иісін сезбейсіз, өйткені түтін әсерінен қатты ұйықтайтын боласыз;

– егер сіз жанып жатқан үйден шығып кете алсаңыз, онда сыртта тұрып, дереу «101» нөміріне хабарлаңыз;

– жанғыш сұйықтықпен, газбен немесе ағашпен жұмыс істейтін жылу беру жабдығына жыл сайын техникалық қызмет көрсету қажет;

– электр сақтандырғыштарды тек көрсетілген қуатта ғана қолданып, авариялық ажыратқышты қосыңыз;

– өрт қауіпсіздігі шаралары барлық отбасы мүшелері үшін маңызды, әрі тиісті дайындығыңыз болса, трагедияның алдын алуға болады;

– аумақта алау, қоқыс жағуға, отшашу мен өзге де ашық от көздерін пайдалануға жол бермеңіз;

– үйдегі өрт туралы дер кезінде хабарлау үшін өрт хабарлағыштарын орнатуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-zholbarys-batyr/press/news/details/1087795?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді