
Құжатта мемлекеттік органдар, бизнес пен цифрлық экожүйенің өзге де қатысушылары арасында деректермен қауіпсіз әрі ашық алмасуды, оларды бағалау мен монетизациялауды қамтамасыз ететін реттелетін деректер биржасын құру тәсілдері сипатталған.
Деректер нарығын дамыту – Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген цифрландырудың маңызды бағыты ретінде қарастырылған. Құжатты дайындаудағы мақсат – ашық диалог орнату және деректердің жаңа экономикалық ресурс ретіндегі рөлін талқылауға мүдделі тараптарды тарту.
Аналитикалық материалда халықаралық тәжірибе, сондай-ақ мұндай платформаларды қалыптастырудың құқықтық және технологиялық қырлары қамтылған. Сондай-ақ экономикалық әсерлері – деректер сапасын арттыру, инновацияларды дамыту және өзара іс-қимылдың жаңа үлгілерін қалыптастыру атап көрсетілген.
Шанхай деректер биржасымен бірлескен жұмыс деректермен саудасы мен олардың алмасуын ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі мен озық тәсілдерін ескеруге мүмкіндік берді.
Қазақстанда деректер биржасын құру өңірлік деректердің алмасуын және монетизация орталығын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болмақ. Бұл бастама цифрлық экожүйе қатысушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Талдамалық материалмен Агенттіктің және Бюроның ресми сайттарында танысуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/1087439?lang=kk

Жауап қалдыру