АРЫС ҚАЛАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ БОЙЫНША ЖОСПАРЛЫ ОТЫРЫС ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
2025 жылдың III-тоқсанына арналған жоспар аясында Арыс қаласында құқықтық оқыту бойынша кезекті жиын өткізілді. Қала әкімі аппаратының басшысы Талғат Анашбеков төрағалық еткен жиынға қала әкімі аппаратының бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдердің жетекшілері және мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Күн тәртібінде екі өзекті мәселе қаралды:
1. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығында айқындалған «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне» сәйкес қызметтік әдеп стандарттары түсіндірілді. Бұл бағытта баяндама жасаған қала әкімі аппаратының басшысы Талғат Әбдіқадірұлы Анашбеков мемлекеттік қызметкерлердің қоғам алдындағы жауапкершілігі, азаматтармен байланыстағы мәдениеті және этикалық нормаларды сақтау маңыздылығына тоқталды.
2. Бюджет кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Марат Әбдібекұлы Асанов сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы №171-VII Бюджет кодексіне енгізілген жаңалықтарды түсіндірді. Ол бюджетті жоспарлау, қаржылық тәртіп және жергілікті деңгейдегі жаңа талаптарға қатысты ақпарат берді.
Талқыланған мәселелер бойынша қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, пікірлер ұсынылды.
Жиын қорытындысында қала әкімінің аппаратының заң бөліміне айтылған ұсыныстарды ескере отырып хаттама әзірлеу және тиісті жұмыстарды ұйымдастыру тапсырылды.
 
Возможно, это изображение 1 человек и отдел новостей
 
Возможно, это изображение 3 человека

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1087485?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді