АРЫСТА БОКСТАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Арыс қаласында 2012 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан Түркістан облысының чемпионаты ресми түрде басталды. Додаға өңірдің барлық аудан және қалаларынан келген жас спортшылар қатысуда.
Жарыстың мақсаты – облыс аумағындағы перспективалы боксшыларды анықтау, спорттық-оқу жұмыстарын жүйелеу, Түркістан облысы чемпионатына іріктеу жүргізу және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Ашылу салтанатында Арыс қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Омарұлы және Әлем чемпионы, Азия біріншіліктерінің жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қайрат Ералиев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Чемпионатқа тек 2012 жылы туған жасөспірім ұлдар қатыстырылуда. Жарыс төмендегі салмақ дәрежелерінде өтуде: 33, 35, 37, 40, 43, 46, 49, 52, 55, 58, 61, 64, 67, 70 және +70 келі.
Жарыс 17 қазанға дейін жалғасады. Бәсекелер Арыс қалалық спорт кешенінде ұйымдастырылуда. Көрермендер үшін кіру тегін.
Бұл чемпионат жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, болашақ құрама сапына жолдама алуға мүмкіндік бермек.
 
Нет описания фото.
 
Возможно, это изображение один или несколько человек, люди играют в баскетбол и текст «pbl 12-1 025»
 
Возможно, это изображение один или несколько человек и текст
 
Возможно, это изображение один или несколько человек и текст
 
Возможно, это изображение волейбол, баскетбол и баскетбольная футболка
 
Нет описания фото.
 
Нет описания фото.
 
Нет описания фото.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1087501?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді