АРЫСТА ҚАБЫЛСАЙ ТАБИҒИ АРНАСЫ БОЙЫНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Бүгін Арыс қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Бұл жолы тазалық шаралары қаланың ішкі аумағынан өтетін Қабылсай табиғи арнасының бойында өтті.
Сенбілік жұмыстарына мемлекеттік қызметкерлер, түрлі сала мен мекеме ұжымдары, жастар ұйымдары мен еріктілер қатысты.
Ұзындығы 11,2 шақырымды құрайтын Қабылсай арнасы көктем және күз айларында еріген қар мен жауын-шашын суларын өткізуге арналған табиғи су арналарының бірі болып табылады. Осыған байланысты, аталған аумақтағы санитарлық жағдайды тұрақты бақылауда ұстау және арна бойын күл-қоқыстан тазарту – қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды міндеттердің бірі.
Осы мақсатта сенбілікте арна табанынан тұрмыстық қалдықтар, ағаш бұталары мен өзге де қоқыстар шығарылып, арнайы техникамен тасымалданды.
Аталған іс-шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында жыл бойы жалғасатын кешенді экологиялық жұмыстардың бір бөлігі болып табылады. Осы ретте, қала әкімдігі тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға, табиғи аумақтарды таза ұстауға және экологиялық мәдениетті арттыруға шақырады.
 
Возможно, это изображение толпа и трава
 
Нет описания фото.
 
Нет описания фото.
 
Возможно, это изображение один или несколько человек
 
Возможно, это изображение один или несколько человек и толпа
 
Нет описания фото.
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1087497?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді