
«Заң және тәртіп» нарративін іске асыру аясында Арыс қаласы әкімдігі мен аудандық Прокуратура, денсаулық, құқық қорғау органдарының және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірлесіп қалалық «Мансап» орталығы филиалының ғимаратында «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізуде.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, әрбір азаматқа қолжетімді әрі уақытылы заң көмегін қамтамасыз ету.
«Құқықтық дәріхана» кеңес беру пункті Арыс қалалық «Мансап орталығы» филиалының бірінші қабатындағы мәжіліс залында орналасқан. Кеңес беру пункті қазан айының әр сәрсенбісінде сағат 11.00 мен 13.00 аралығында жұмыс істейді.
Айта кетейік, кеңестер толығымен тегін, алдын ала жазылусыз және қарапайым әрі түсінікті форматта өткізіледі. Барлық тұрғындарды осы мүмкіндікті пайдаланып, қолайлы жағдайда білікті заң көмегін алуға шақырамыз.




Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1087509?lang=kk

Жауап қалдыру