АРЫСТА ТАҒЫ ҮШ АУМАҚТА ЗАМАНАУИ ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Арыс қаласында тұрғындар көптен күткен тағы үш заманауи балалар ойын алаңшасы орнатылды. Жаңа нысандар Арбат аумағында, ШПЗ елді мекеніндегі Н.Ільясов көшесінің бойында және орталықтағы М.Жұмабаев көшесінде ашылды.
Әрбір ойын алаңы қазіргі талапқа сай жабдықталған. Мұнда балалардың жас ерекшеліктеріне лайықталған 10-нан астам ойын және дене шынықтыруға арналған тренажер элементтері орнатылған. Сонымен қатар, сәнді түнгі жарықшамдармен қамтылған. Бұл – бүлдіршіндердің қауіпсіз әрі белсенді демалысына жасалған нақты мүмкіндік.
Жалпы биыл, қала әкімі Қайсар Маңқараевтың тапсырмасымен Арыс қаласында барлығы 17 жаңа балалар ойын алаңшасын орнату жоспарланған. Олардың 10-ы — қала аумағында, ал 7-еуі — ауылдық елді мекендерде орнатылды. Жобалардың барлығы заманауи талаптарға сәйкес жасалып, балалардың белсенді және қауіпсіз демалуына бағытталған.
Сонымен қатар, қала орталығындағы А.Сүлейменов көшесіне, Монтайтас және Жиделі ауылдық округтеріндегі футбол алаңшалары толықтай жаңарту және жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Айта кету керек, аталған жобалар қала әкімінің тұрғындармен кездесулерінде көтерілген ұсыныстар негізінде жүзеге асуда.
 
Возможно, это изображение батут
 
Возможно, это изображение ребенок, улыбки и трава
 
Нет описания фото.
 
Нет описания фото.
 
Возможно, это изображение трава
 
Нет описания фото.
 
Возможно, это изображение ветряная мельница
 
Нет описания фото.
 
Возможно, это изображение ребенок
 
Нет описания фото.
 
Возможно, это изображение ребенок
 
Нет описания фото.
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1087505?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді