
Шалдар елді мекеніндегі «Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінде «Абай поэзиясындағы ұлттық болмыс пен адамзаттық құндылықтар» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Іс-шара ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналды. Семинардың мақсаты — Абай шығармалары арқылы ұлттық болмысты терең таныту, жалпыадамзаттық құндылықтарды жастар санасына жеткізу, ұлттық мәдениет пен руханиятты дәріптеу болды.
Семинарды аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Тұрсынәліұлы Қырғызалиев ашып, Абай мұрасының тәрбиелік мәні мен оның ұрпақ санасында алар орнына тоқталды.
Іс-шарада Абай өмірі мен шығармашылығына арналған сахналық көріністер қойылып, оқушылар ақын өлеңдерін оқыды, ән мен күй шырқалды.
Бұл арқылы қатысушылар ақынның терең ойлы туындыларынан рухани қуат алды.
Семинар соңы қатысушылардың еркін пікір алмасу алаңына ұласып, Абай мұрасының қазіргі қоғамдағы маңызы талқыланды.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1087843?lang=kk

Жауап қалдыру