
2025 жылғы 16 қазан күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ жылдық жоспарына сәйкес «Географияны оқытуға арналған цифрлық құралдар мен ресурстар: интерактивті сабақтар өткізуге арналған бағдарламалар, қосымшалар және онлайн платформалар» облыстық семинарын өткізді.
Семинар Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің «№47 жалпы білім беретін мектебінің базасында қазақ тілінде өтті. Семинардың іс-шарасына облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 30-дан астам география пәні мұғалімдері қатысты.
Сабақтың мақсаты: География пәнін оқытуға арналған цифрлық құралдар мен ресурстар, интерактивті сабақтар өткізуге арналған бағдарламалар, қосымшалар және онлайн-платформалардың тиімді түрлерін анықтау, идеяларды ұсыну, тәжірибеде қолдану бойынша тәжірибе алмасу.
Іс-шара аясында №47 мектептің география, физика, информатика пәнінің педагогтары өз тәжірибелерімен бөлісті. Сабақтарында онлайн-платформалар мен цифрлық ресурстарды интерактивті тақтамен жұмыс жасау арқылы әдіс тәсілдерді қолдана отырып ашық сабақтар ұйымдастырып, сондай-ақ Падлет тақтасы, ChatGPT, Canva, GeoGebra, WolframAlpha Google Earth, Google Forms, Google Gemini, Microsoft Copilot, QuizWizard платформаларын пайдаланып QR-кодтар құру бойынша шебер – сынып және ашық сабақтар өтті. Атап айтсақ, 10 сыныпта «Экологиялық таза өндірісті жобалау», 8 сыныпта «Пайдалы қазбалардың таралу заңдылықтары» тақырыптарында ашық сабақтар, жалпы педагогтерге география әлеміне саяхат жасау айдары бойынша «Педагогикалық тиімді тәжірибе: жинақтау және тарату» бойынша түсіндірме бейне материалдармен таныстырып, «География сабағында PISA тапсырмаларын қолданудың тиімділігі» атты тақырыбында шебер сыныптар өткізіді.
Семинарға қатысушы тарапынан жан-жақтан келген ұстаздар қауымы өте жоғары деңгейде өтті деген ұсыныс айтып кетті.
Қатысушылар іс-шараның практикалық бағыттылығын және мазмұндық жағынан қамтылуын, білім беру жүйесінің цифрлық трансформациясы жағдайында оның өзектілігін, сондай-ақ ұсынылған материалдардың өз кәсіби қызметтеріне әрі қарай енгізу үшін пайдалы болғанын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1088292?lang=kk

Жауап қалдыру