«Марқакөл аудандық білім бөлімінің қызметін зерделеу және әдістемелік көмек көрсету» тақырыбында әдістемелік күн

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 15-16 қазан күндері ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-нің жылдық жоспарына сәйкес білім берудегі әдістемелік ұйым қызметінің менеджмент және мониторинг бөлімінің әдіскерлері Асылханова Б.З мен Бошаева Г.М. «Марқакөл аудандық білім бөлімінің  қызметін зерделеу және әдістемелік көмек көрсету» тақырыбында әдістемелік күн өткізді.

Мақсаты – аудандық білім бөлімі әдіскерлерінің жұмыстарын зерделеп, әдістемелік көмек көрсету.

Аудандық білім бөлімінің әдіскерлеріне әдістемелік кабинет жұмысының басты бағыттары, әдіскерлердің функционалдық міндеттері және нормативтік құқықтық актілерді қолданып жұмыс істеудің тәсілдері түсіндірілді.

Сондай-ақ әдіскерлердің біліктілігін арттыру, пилоттық жобалармен жұмыс істеу,  пәндерді оқытуды зерделеу мәселелері талқыланды.

Білім бөлімінің әдіскерлеріне бөлім жұмысын жүйелеу, толықтыру және сапалы жүргізу туралы ұсыныс берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1088498?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді