
Қызылорда облысы ТЖД мамандары елдің игілігі жолында қоғамның барлық саласымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. «Қызыл Ай қоғамының» еріктілері де солардың қатарында. Олар түрлі іс-шаралар мен оқу-жаттығуларға белсене атсалысып келеді.
Биыл «Төтенше жағдайлар министрлігіне – 30 жыл» толып отыр. Осы орайда бүгін «Қызыл Ай қоғамының» Қызылорда облыстық филиалының директоры А.Н. Байманов азаматтық қорғау органдарының бірқатар қызметкерлерін «19-қазан – Құтқарушылар күнімен» құттықтады. Құттықтай отыра, ізгі лебізін білдіріп, алғыс хаттарды табыс етті.
Қызылорда облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/1088929?lang=kk

Жауап қалдыру