
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыстық «Jambyl» телеарнасындағы «Рауан» сазды-ақпараттық бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты. Эфир барысында мамандар өздерінің қызметі, құтқарушылардың күнделікті жұмысы, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары мен зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жолдары туралы әңгімеледі. Бағдарламаға Ерболат Анарбек, Жақсылық Бахтияр, Дина Каримбаева, Шоқан Кенжегұлов және Алмас Шыншер қатысып, кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады. Тікелей эфир Тараз қаласындағы №4 өрт сөндіру бөлімінен қосылумен аяқталды, онда құтқарушылар барша азаматтық қорғау қызметкерлерін ТЖМ 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, оларға зор денсаулық, отбасылық амандық және қызметтеріне табыс тіледі.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1088481?lang=kk

Жауап қалдыру