Ұлытау облысында прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде мал соғу фактілері 67%-ға азайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Ұлытау облысы дәстүрлі түрде еліміздегі мал шаруашылығы жақсы дамыған өңірлердің бірі болып саналады. Дегенмен, ауыл шаруашылығы жануарларының автожол маңында бақылаусыз жүруі жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

     Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Ұлытау облысының прокуратурасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп осындай фактілердің алдын алуға бағытталған жол картасын іске асыруда.

     Жүргізілген профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде мал жаю ережелерін бұзғаны үшін 232 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

     Қабылданған шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылы малға соқтығысу деректері 67%-ға азайды. Бұл көрсеткіш құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының тиімділігін айқын көрсетеді.

     Прокуратура алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмысты жалғастырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін және олардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-ulytau/press/news/details/1088264?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді