Жағатал ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы У. Угиев кәмелетке толмағандармен профилактикалық жұмыс жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың қазан айында Жағатал ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы У. Угиев кәмелетке толмағандар арасында түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз көшеде жүру жағдайларының алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында жасөспірімдерге ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптары, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүруіне жол берілмейтіні түсіндірілді. Сонымен қатар, ұстаздарымен бірге әңгімелесу жүргізіліп, балаларының тәртібін бақылау, тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі ескертілді.

Мұндай профилактикалық шаралар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhagatal/press/news/details/1088503?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді