Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
▪️Түлкібас ауданындағы Мәдениет үйінде «Мансап орталығының» ұйымдастыруымен жұмыссыз азаматтарды қолдау мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
▪️Жәрмеңке жұмыссыздықты азайту, тұрғындарды еңбекке тарту және жастарды қолдау бағытында маңызды рөл атқарды.
Сонымен қатар, жәрмеңкеде аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес жұмыссыз жүрген жастарымызды жұмысқа орналастыруға басымдық берілді.
▪️Ауқымды шараға түрлі саладағы мекемелер мен кәсіпорындар қатысып, тұрғындарға ашық вакансиялар туралы ақпарат ұсынды.
▪️Сондай-ақ, жәрмеңкеде Мемлекеттен түрлі қолдаулар мен қайтарымсыз грант алып, өз ісін дөңгелетіп отырған азаматтар өз өнімдерінің көрмесін ұсынып, көтерме бағада саудалады.
▪️Маңызды шараға аудан әкімі Асқар Естібаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев арнайы қатысып, өз кәсібін өрлетіп отырған азаматтардың өнімдерімен танысып, істеріне береке тіледі.
▪️Жалпы жәрмеңкеде 25 жұмыс беруші мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар 100-ден астам бос орындарды ұсынып, келген азаматтар жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен танысты.
▪️Айта кетейік, бүгінде аудан көлемінде 30 мыңнан астам жас болса, соның ішінде 900-ге жуығы жұмыссыз ретінде тіркелген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1088243?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді