Қазақстан медицинасы күндері шеңберінде Өзбекстанда еліміздің жетекші клиникаларының 100-ден астам маманы Өзбекстанның бес қаласында — Ташкент, Ферғана, Самарқанд, Бұхара және Нүкісте көшпелі консультациялар, мастер-кластар мен операциялар өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Нүкіста қазақстандық дәрігерлер инвазивті пренаталдық диагностика бойынша мастер-кластар өткізді: емшараны жүргізу техникасын көрсетті және төрт пациентке амниоцентез жасады.

– Генетик дәрігер психомоторлы және психосөйлеу дамуының тежелген, туа біткен кемістіктері бар балаларға, сондай-ақ қауіп тобындағы жүкті әйелдерге 13 скринингтік ультрадыбыстық зерттеу жүргізді.

– Н. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия орталығының мамандары сонымен қатар пациенттерге Ташкенттегі бейінді клиника базасында роботтандырылған эндопротездеу бойынша мастер-класты қоса алғанда, шамамен 15 күрделі операция жүргізді.

– Кардиохирургия мен аритмологияда өзбек әріптестермен күрделі аритмиялардың катетерлік абляциясы, митралдық қақпақшаның ең аз инвазивті пластикасы, сондай-ақ белгілі қазақстандық кардиохирург Юрий Пяның қатысуымен аорталық қақпақшаны транскатетерлік имплантаттау (TAVI) бойынша бірлескен мастер-кластар өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1088935?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді