
Вьетнамның Хайфон қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден ересектер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына 2 медаль түсті.
🥈2000 метрге әйелдер арасында жеңіл салмақтағы 4 спортшы. Команда құрамы – Роза Кеңес, Мария Чернец, Екатерина Носкова, Ирина Чудина.
🥉2000 метрге ерлер арасында жеңіл салмақтағы спортшылар – Артём Матусевич.
Айта кетейік, ертең, 19 қазанда тағы финалдар өтеді. Биыл құрлықтағы 18 елден жиналған 232 ескек есу шебері жүлдеге таласып жатыр.
Былтыр Өзбекстанның Самарқан қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстан 2 күміс, 7 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 7-орыннан көрінген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1089037?lang=kk

Жауап қалдыру