
Мойынқұм ауданында «Ауыл шаруашылығы санағы – 2025» акциясы аясында ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде. Бұл шараның негізгі мақсаты – аудан аумағындағы ауыл шаруашылығының нақты жағдайын анықтап, алдағы уақытта саланы дамыту бағытындағы мемлекеттік саясатты тиімді жоспарлау.
Осы мақсатта қазіргі таңда ауданға қарасты ауылдық округтерде офлайн түрде ауыл шаруашылығы санағы өткізіліп жатыр. Санақ барысында тұрғындардың қолындағы мал басы, егістік жер көлемі, ауыл шаруашылық техникалары және басқа да маңызды көрсеткіштер туралы нақты мәліметтер жиналуда.
Жиналған деректер ауданның аграрлық әлеуетін бағалауға, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларын жетілдіруге және мемлекеттік қолдау шараларын тиімді бағыттауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, санақ нәтижелері ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдауға және ауыл инфрақұрылымын жақсарту шараларын жоспарлауға да үлкен көмек болмақ.
Осы ретте барлық ауыл тұрғындарын ауыл шаруашылығы санағына белсенді қатысып, өз мәліметтерін уақтылы беруге шақырамыз. Әрбір азаматтың жауапкершілігі мен белсенділігі – ортақ мақсатымыздың орындалуына, ауылымыздың дамуына қосқан үлес болмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1089160?lang=kk

Жауап қалдыру