
Бүгін Мәртөк ауданы Сарыжар ауылының тұрғындарымен вакцинацияның маңыздылығын түсіндіру бойынша кездесу өтті.
Іс-шараны Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық дін басқармасы және М. Оспанов атындағы БҚМУ бірлесе ұйымдастырды.
Кездесу барысында жұқпалы аурулардың алдын алудағы екпенің маңыздылығы, вакцинадан бас тартудың салдары, иммунопрофилактиканың қоғамдық денсаулықты сақтаудағы рөлі түсіндірілді.
Сондай-ақ, адам папилломасы вирусына қарсы екпе туралы толық мағлұмат беріліп, жатыр мойны обырына шалдығуға жол бермеудің тиімді құралы екенін мамандар атап өтті.
Халық арасында жиі қойылатын сұрақтарға нақты, ғылыми негізделген жауаптар берілді.
Мақсат – халықты дұрыс ақпараттандыру және екпенің қажеттілігін ұғындыру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-aktobe/press/news/details/1089679?lang=kk

Жауап қалдыру