
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Halyk Bank» АҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп, алғаш рет 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиада өткізу бастамасын көтерді.
Бұл жоба оқушылардың қаржы саласындағы білімін арттыруға, жауапты қаржылық мінез-құлық пен цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Бүгін, 17 қазан күні, олимпиаданың бірінші (мектепішілік) кезеңі
Аягөз ауданы білім бөліміне қарасты мектептерде өтті.
Қатысушылар 30 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын 60 минут ішінде орындады. Үздік нәтиже көрсеткен 17 оқушы келесі кезеңге жолдама алды. Мектепішілік кезеңге барлығы: 253 оқушы қатысты.
Барлығы төрт кезеңнен тұратын олимпиаданың финалы 2026 жылдың мамыр айында Астана қаласында өтеді. Қорытынды кезеңде әр өңір мен республикалық білі беру ұйымдарынан үздік 150-ден астам оқушы бақ сынайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1089132?lang=kk

Жауап қалдыру