
Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары ҚР Кеден қызметкерлері арасында «Менингококк инфекциясының алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – кеден қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және олардың арасында жұқпалы аурулардың алдын алу болып табылады.
Санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары елдегі менингококк инфекциясы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы баяндап, инфекцияның таралу жолдары, белгілері және алдын алу шаралары жөнінде толық ақпарат ұсынды.
Семинар соңында қатысушыларға менингококк инфекциясының алдын алу жөніндегі жадынамалар таратылып, инфекциядан қорғану шараларын күшейтуге және оның таралуын болдырмауға баса назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1089408?lang=kk

Жауап қалдыру