РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТҮРКІСТАН МАҚАМДАРЫ» ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында республикалық «Түркістан мақамдары» термешілер байқауы өтті.

 Байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық өнердің маңызды саласы болып табылатын жыр-терме дәстүрін кеңінен насихаттау, жас таланттарды қолдау және қазақ руханиятының дамуына үлес қосу.  Байқау қорытындысы бойынша:

 Бас жүлде, Келдебек Ердәулет

 І орын, Байтасов Құрман

 ІІ орын, Бекпейісов Мұхамедәлі Лес Ернұр

 ІІІ орын, Есімхан Жасұлан Салтанат Ерсұлтан Оранбасар Ернар жүлделі орындары анықталып, жеңімпаздар мен қатысушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Айта кетейік, Шараға еліміздің әр аймағынан келген жыршы-термешілер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.Байқау барысында қатысушылар оңтүстік өңіріне тән дәстүрлі терме мектептерінің ерекшеліктерін сақтай отырып, түрлі бағыттағы шығармаларды орындады.

Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1089579?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді