
Аталмыш тіл оқыту кабинеті Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығында 2024 жылы орталықтың 10 жылдық мерейтойына орай ашылған.
Алаш арысы, қазақ тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілген қазақ тілі кабинеті заманауи талаптарға сай жабдықталып, Ахмет Байтұрсынұлының цифрландырылған еңбектері мен даналық сөздері қамтылған арнайы стендтермен безендірілді. Оқыту кабинетінде тыңдаушылар қазақ тілін таңғы және кешкі топтарда оқиды. Әр топта 10-15 адам мемлекеттік тілді қолайлы ортада үйренуде. Сабақтар аптасына үш рет өткізіледі.
Ұлт ұстазының есімімен айшықталған кабинетте тіл үйренушілердің сөйлеу, жазу және түсіну дағдыларын жетілдіруге бағытталған әдістеме негізінде сабақтар ұйымдастырылады. Осындай тіл оқыту алаңдары мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, қазақ тілін үйреніп, еркін қолдана алатын өзге ұлт өкілдерінің қатарын молайтуға септігін тигізуде.
#қарағандытілдердідамытубасқармасы #мемлекеттіктіл

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1089491?lang=kk

Жауап қалдыру