Ақмола облысында «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 20 қазанынан 19 қарашасына дейін Ақмола облысының аумағында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
ЖАІШ аясында полицейлер уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп күн сайын рейдтік іс-шаралар жүргізеді, заңсыз аң аулау, ормандарды кесу, су биоресурстарын өндіру, сондай-ақ объектілер мен жануарлар дүниесі өнімдерінің заңсыз айналымы фактілерін тексереді.
Атыс қаруын сақтау және алып жүру ережелерінің сақталуын, сондай-ақ аң аулау, балық аулау және ағаш дайындау құқығына рұқсат беру құжаттарының болуын бақылауға ерекше назар аударылады.
Жыл басынан бастап өңірдің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері табиғат қорғау заңнамасының 800 — ден астам бұзушылығын анықтады, олардың арасында балық ресурстарын заңсыз аулау және өндіру жағдайлары бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1090390?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді