ORDABASY: ТӨРЕАРЫҚТА ЖАҢА СПОРТ ЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ORDABASY: ТӨРЕАРЫҚТА ЖАҢА СПОРТ ЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
🔹Ауданымызда спорт саласын дамыту бағытындағы игі істер жалғасуда. 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай Қараспан ауыл округіне қарасты Төреарық елді мекенінде заманауи талаптарға сай жаңа спорт залы ел игілігіне пайдалануға берілді.
🔹Жеке кәсіпкердің бастамасымен бой көтерген «Төреарық спорт залының» құрылысы 2023 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталды. Жалпы ауданы 0,25 гектарды қамтитын спорт нысаны ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізіп, салауатты өмір салтын ұстануына зор мүмкіндік береді.
🔹Спорт кешенінде бокс, қазақ күресі, дзюдо, каратэ-до және үстел теннисі сияқты спорт түрлерімен айналысуға толық жағдай жасалған. Бірінші қабатта бокс және күрес залдары, тренажер бөлмесі, жуыну және қызметкерлерге арналған бөлмелер орналасқан. Екінші қабатта қосымша қызметтік бөлмелер бар.
🔹Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Азат Оралбаев ауыл тұрғындарын қуанышты сәтпен құттықтап, спорт кешенінің ауыл жастары үшін үлкен мүмкіндік екенін атап өтті. Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков жаңа нысанның ел игілігіне қызмет етуін тілеп, спортпен шұғылданушы жастарға сәттілік тіледі.
🔹Рәсім барысында аудан әкімі спорт залдың лентасын қиып, нысанның ішін аралап көрді. Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған залдың жұмысына сәттілік тілеп, ондағы жағдаймен танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ordabasy-maslihat/press/news/details/1090438?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді