
АҚУ Түркістан облысы бойынша өкілі сараптамалық кеңес сарапшысы «ALGA GROUP» — заң кеңсесінің бас директоры Амантаева Алия Алгабекқызымен бірге Түркістан облысының Сайрам ауданында «Құрмет» ардагерлер үйінде «Зейнеткерлерге арналған құқықтық марафон» өткізді.
Марафонның басты мақсаты — егде жастағы адамдарды құқықтық ақпараттандыру және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу, негізгі міндеті — аға буын өкілдерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша қолжетімді және түсінікті түрде кеңес беру.
Кездесу соңында ниет білдірген зейнеткерлер өкілмен жеке қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-turkistan-oblysy/press/news/details/1091353?lang=kk

Жауап қалдыру