Қазақстандағы азаматтық қоғамның жаңа кезеңі: 104 грант бөлініп, 27 мың игі іс жасалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Мәдениет жәнеақпарат министрлігі қоғам мен мемлекетарасындағы өзара сенімді нығайтып, шынайықоғамдық диалог орнатуға бағытталған кешендіжәне жүйелі стратегияны іске асыруда.

Мемлекет басшысы XII Азаматтық форум қатысушыларына жолдаған үндеуіндеазаматтық қоғамды дамытуға мемлекеттіңайрықша мән беретінін атап өтті.

«Мемлекет пен азаматтардың қарым-қатынасына арқау болған «Халық үніне құлақасатын мемлекет» тұжырымдамасы берікорныға түсті. Өзара сыйластық пен түсіністік, жанашырлық пен жауапкершілік қасиеттерікеңінен дәріптеліп, қоғамның құқықтықмәдениетін арттыру үшін нақты шараларатқарылды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент белсенді азаматтық қоғамқалыптастыру үшін үкіметтік емес ұйымдардыңбеделін арттыру маңызды екенін бірнеше ретатап өткен болатын.

Осы мақсатта 2021-2024 жылдараралығында ҚР Мәдениет және ақпаратминистрлігінің бастамасымен құқықтықкеңістікті сапалық тұрғыдан жаңғырту үдерісібасталды. Бұл бағытта бірқатар негізгізаңнамалық актілер қабылданды. Атапайтқанда, «Қоғамдық бақылау туралы» Заң, сондай-ақ «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттаржәне сыйлықақылар туралы» Заңға түзетулерпакеті қабылданды. Сонымен қатар«Волонтерлік қызмет туралы», «Қайырымдылық туралы», «Қоғамдықбірлестіктер туралы», «Медиация туралы» және «Қоғамдық кеңестер туралы» заңдарғатолықтырулар енгізілді. Аталған заңдардытиімді іске асыру мақсатында 14 нормативтікқұқықтық актіге өзгерістер енгізілді.

Қоғамдық кеңестердің рөлі айтарлықтайкүшейді. Соңғы үш жылда азаматтық қоғамөкілдерінің үлесі 23%-ға өсіп, 264 қоғамдықкеңестің құрамындағы олардың қатысу деңгейі86%-ға жетті. Жастардың үлесі де 5%-ға артып, 15%-ды құрады.

Алғаш рет квазимемлекеттік сектордаазаматтармен тікелей кері байланыс орнатуғамүмкіндік беретін 13 жаңа қоғамдық кеңесқұрылып, өз жұмысын бастады.

Грант саясаты мен мемлекеттік әлеуметтіктапсырыс жүйесі реформаланды. Жобалардыіріктеудің көп деңгейлі механизмі енгізіліп, сараптама мен есеп беру рәсімдеріжетілдірілді.

Аталған өзгерістер әлеуметтік жобалардықаржыландыру көлемін екі есе арттыруға, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың қамтуаясын 21 бағытқа дейін кеңейтуге және жүзегеасырылатын жобалар санын 22%-ға көбейтугемүмкіндік берді.

Соңғы бес жыл ішінде жалпы сомасы 10,3 млрд теңгені құрайтын 556 грант жүзегеасырылды. 2025 жылы жалпы құны 1,8 млрд теңге болатын 104 грант іске асырылуда. ҮЕҰға арналған сыйлықақы конкурсы рекордтық нәтижеге қол жеткізіп, өтініштердіңсаны 135-тен 208-ге дейін артты. Ал, жеңімпазұйымдар саны 73-ке жетті. Олардың қатарындаауылдық аймақтардағы бастамалар мен инклюзивті жобалар да бар. Осы кезеңдебарлығы 336 үкіметтік емес ұйым Мемлекеттіксыйлықақымен марапатталды.

Бұл нәтижелер мемлекет пен азаматтықсектор арасындағы серіктестіктің жаңа, жетілген кезеңіне жол ашты.

Азаматтық қоғамды дамытудың басымбағыттарының бірі ретінде волонтерлікқозғалысты қолдау және нығайту жұмыстарыбелсенді жүргізілуде. 2021-2023 және 2024-2026 жылдарға арналған екі Жол картасықабылданып, олар төрт стратегиялық бағытпен 85 нақты іс-шараны қамтыды.

Республикалық фронт-офис пен мыңдағанбелсенді жасты біріктірген 20 өңірлікволонтерлік орталық құрылды. Осы уақытішінде 275 волонтерлік жоба мен 1 200-ден астам волонтерлік бастама жүзеге асырылды.

Қазақстан волонтерлік қызмет саласындахалықаралық ұйымдармен тығызынтымақтастық орнатып келеді. Соңғыжылдары елімізден 21 волонтер БҰҰ құрылымдары аясында Иордания, Кения, Таиланд және Түркия елдерінде қызметатқарды. 2025 жылы олардың жетеуі өзқызметін жалғастыруда. Сонымен қатар, биыл«Игі істер марафоны» аясында ел бойынша 27 мыңнан астам игі іс атқарылды.

2020 жылдан бері Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 232 ерікті Мемлекет басшысы бастамашы болған«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығыныңиегері атанды.

Қазақстанда азаматтық белсенділік қарқынды дамып, жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Бұл бағыттағы Президент саясаты азаматтардың бастамашылдығы, әлеуметтік жауапкершілігі және мемлекеттің үкіметтік емес секторымен әріптестігі айқындалған Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1091167?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді