2025 жылғы 21 қарашада сағат 11.00-де Рудный қаласы, 50 лет Октября, 5А мекенжайында орналасқан Жастар ресурстық орталығында Рудный қалалық мәслихаты «50 лет Октября көшесін Достық көшесіне және И.Франко көшесін Әлия Молдағұлова көшесіне қайта атау мәселелері бойынша қоғамдық пікірді зерделеу» күн тәртібімен қоғамдық тыңдау өткізеді.
Құрметті рудныйлықтар!
Сіздерді Рудный қаласының көшелерін қайта атау туралы ұсыныстарды талқылауға, қоғамдық тыңдалымға қатысуға және ынтымақтастыққа шақырамыз.
Өз пікірлеріңізді жазбаша түрде Рудный қалалық мәслихатына rudny-maslikhat@yandex.ru электрондық поштаға жібере аласыздар.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-rudnyy/press/news/details/1091310?lang=kk

Жауап қалдыру