
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Nomad Table Tennis Academy бірлесіп, спортшыларды, жаттықтырушыларды және үстел теннисі жанкүйерлерін күздің басты спорттық оқиғасына – Қазақстан Республикасы Президентінің Ашық Кубогіне шақырады.
Бес күн бойы 25-29 қазан аралығында Елорданың төрінде еліміздің және халықаралық ойыншылардың ең үздік тартысты кездесулері өтеді. Турнир үстел теннисін насихаттауға, спорттық байланыстарды нығайтуға және жаңа чемпиондарды анықтауға арналған алаңға айналады.
Өтетін жері: Астана қаласы, Beeline Арена
Жаңа спорт жұлдыздарының дүниеге келуіне куә болыңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1091339?lang=kk

Жауап қалдыру